Жұма, 19.04.2024, 21:09 | Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Кіру

Мектеп жоспары

№3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің 2010 – 2011 оқу жылына арналған оқу-тәрбие жұмысының жоспары

 
№3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінің 
2010 – 2011 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінің қорытындысы
 
1. Жалпы мәлімет.
№3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылының орталық аймағында орналасқан. Ашылған уақыты- 1973 жылдың қаңтар айы. Мектепте 89 жоғары білімді, 28 арнаулы орта білімді мұғалімдер қызмет атқарып жүр. 2010-2011 оқу жылын 45 сынып комплектісі, (оның ішінде үшеуі- мектепке даярлық сыныбы) 972 оқушымен бастады. Сыныптағы оқушылар құрамы – 3,5. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 2010-2011 оқу жылында оқушылар саны 32 оқушыға артып отыр. Оқу жылы басында мектебімізге 100 оқушы сырттан келді. Мектептің материалдық техникалық базасы жылдан жылға жақсаруда. Мектепте 1 спорт зал(140 м), акты залы (70 орындық), 1 кітапхана 11000 дана оқулықпен, 3000 дана әдеби кітаптармен жабдықталған. Оқу кабинеттерінің саны -17, асхана 80 орындық көлемінде, 2 медициналық қызмет кабинеті, 2 интерактивті тақта, 1 мультимедия кабинеті, 3 информатика кабинеті , 1 физика кабинеттері бар.
 
2. Оқу үрдісінің қорытындысы.
1-4 сыныптар бойынша жыл басында 272 оқушы болды, оқу жылын 272 оқушы аяқтады. Олардың 86-сы оқу озаты, 186 – екпінділер. Бастауыш мектеп бойынша білім сапасы – 59,6%. 2008-2009 оқу жылымен салыстырғанда оқу озаты - 27 оқушыға артса, екпінділер саны– 11 оқушыға кеміп отыр, әйтсе де білім сапасы – 8.9 % көтерілген. 5-9 сыныптар бойынша жыл басында 361 оқушы болды, оқу жылы соңында 371 оқушы қалды. Солардың ішінде 141 оқушы оқу озаты, 230 оқушы – екпінді, білім сапасы - 57,6 %. Өткен оқу жылымен салыстырғанда оқу озаты 21 оқушыға артқан, ал екпінділердің саны 34 оқушыға көбейіп, білім сапасы - 26,9 % -ға жоғарылаған. 10-11 сыныптарда - жыл басында 336 оқушы болса, оқу жылын 335 оқушы аяқтап отыр. Білім сапасы – 55 %, өткен жылмен салыстырғанда 25,1 %- ға артып, жоғары сынып оқушылары үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Оқушылардың білім деңгейінің жоғарылауына оқу - тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылуы мен мектепішілік бақылаудың жүйелі жүруі және білікті мамандардың тұрақтануы оң әсерін тигізді. Сондықтан жаңа оқу жылында да пән мұғалімдері оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту және тиянақтау жолындағы жемісті жұмыстарын жалғастыруды дәстүрге айналдыру қажет. Жалпы мектеп бойынша 227 оқу үздігі, 416 оқу екпіндісі білім алуда, 53 % білім сапасын көрсетіп отыр, бұл өткен оқу жылымен салыстырғанда 9,7 %- ға артық нәтиже.