Бейсенбі, 25.04.2024, 19:15 | Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Кіру

Жас маманға

«Жас мамандар» мектебінің жұмыс жоспары
 
Ұстаздың білімділігі мен біліктілігі – 
оқушының шығармашылық жетістіктерінің кепілдігі
 
Мақсаты: Теориялық білім-біліктері мен педагогикалық біліктілігін арттыру үшін жас мамандарға практикалық көмек көрсету.
Міндеті:
– жас мамандарда өздігінен үздіксіз кәсіби білім алуға деген көзқарас қалыптастыру;
– оқушыларды оқу пәндерінің негіздеріне оқытуда, олармен сыныптан тыс жұмыс жүргізуде тиімді психология-педагогикалық әдіс-тәсілдерді іріктеу, оларды қолдану дағдыларын дамыту;
– кәсіби қызметіне тікелей қатысы бар нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа ала білуге баулу.
Іс-шаралар:
1.Жас мамандармен сұхбаттасу. Тәлімгерлерді тағайындау;
2. Мектеп құжаттарын жүргізуге (оқушылардың бас құжаты – дәптерлер мен сынып журналдарын толтыру, күнтізбелік және тақырыптық жоспарларды жүргізуге) нұсқау беру;
3. Тәжірибелік алаң тұжырымдамасыбойынша сабақтардың технологиялық карталарын құру.
4. Психологиялық тренинг.
5. Жас мамандардың шығармашыл ұстаздардың сабақтарына қатысуы.
6.Тәжірибелік алаң тұжырымдамасыаясында тәрбие жұмысын өткізу ерекшеліктерін тәптіштеу.
7. Мектеп әкімшілігінің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің, тәлімгерлердің жас мамандардың сабақтарына қатысуы.
8. Тәжірибелік алаң тұжырымдамасыбойынша оқыту семинарын өткізу.
9. Ата-аналармен жұмыс жүргізу әдістері (кеңес түрінде).
10. Оқушыларды даралап және саралап оқыту жөніндегі жұмыс (кеңес түрінде).
11. «Мен – жас ұстазбын» сайысында жас мамандардың өз білім-біліктерін жетілдіруі.
12. «Сабақ уақытында қиын жағдай және одан шығу жолдары» атты пікірталас.
13. Жас мамаңдар апталығы (ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар).
14. Жұмыс қорытындысын шығару. Жас мамандармен сұхбаттасу, кәсіби жетістіктерін бағалау мақсатында сауалнама жүргізу, ұжымдағы мұғалімнің жағдайын зерттеу.