Сенбі, 20.04.2024, 11:36 | Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Кіру

Біздің мақтанышымыз

№3 Хамза атындағы жалпы орта мектебі оқушыларының "Өнерлі шәкірт - 2011" байқауында жеткен жетістіктері
Аудандық «Өнерлі шәкірт – 2011» байқауында таланты, мен қабілеті, ізденісі мен шығармашылығы, эстетикалық мәдениеті үшін «Трактор жүргізушісі» номинациясымен 11-«Д» сынып оқушысы Маматкаримов Сардор, «Аспаз» номинациясымен 9-«А» сынып оқушысы Толипова Маликалар І дәрежелі дипломмен оралды.
 

3 Хамза атындағы жалпы орта мектебі оқушыларының Республикалық ғылыми жобалар сайысында жеткен жетістіктері
Алматы қаласында болып өткен «MISMUN» конференциясында 10-«А» сынып оқушысы Абдуллаев Шохрухтың «Angola» тақырыбында жазған ғылыми жобасы дипломмен марапатталды. 9-«А» сынып оқушысы Рахимжанова Дилдора «НиК» корпорациясы тарапынан өткізілген интелектуалды сайысқа қатысып, Алматы қаласын саяхаттауға тегін жолдама алды.
 

Аудандық олимпиада қорытындысы
Қаңтар айының 14-15 жұлдызында өткен аудандық олимпиадаға №3 Хамза атындағы жалпы орта мектебінен мектепішілік олимпиадаға қатысып І орынға ие болған 13 оқушы қатысты. Солардың арасынан 6 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олар:
ағылшын тілі пәнінен 10-«А» сынып оқушысы Абдуллаев Шохрур (мұғалімі Абдужалилова Шахноза),
орыс тілі пәнінен 7-«А» сынып оқушысы Абдазова Мухайё (мұғалімі Ибодуллаева Лариса),
қазақ тілі пәнінен 10-«А» сынып оқушысы Хайтметова Гулмира (мұғалімі Налибекова Қалима),
өзбек тілі пәнінен 10-«А» сынып оқушысы Абубакирова Умида (мұғалімі Халниязова Салима),
химия пәнінен 9-«А» сынып оқушысы Рахимжанова Дилдора (мұғалімі Ниязалиева Дилфуза),
биология пәнінен 10-«А» сынып оқушысы Эргешова Фароғат (мұғалімі Абдулхамитова Қизлой). Осы оқушыларды дайындаған жетекші мұғалімдерге мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланды.