Сенбі, 20.04.2024, 16:59 | Қош келдіңіз Гость | Тіркелу | Кіру

Мектеп тарихы

МЕКТЕП ТУРАЛЫ


№3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп 1898 жылы ашылып, Қарабұлақ жастарына діни білімдер үйретіле бастады.

1990 жылы ел азаматы, сауатты Анар молда сол кездегі екі бөлмеден тұратын мектеп ғимаратын халықтың асар жолымен бітірді. Бірінші бөлмеде ауылдың ұл балалары оқытылған. Ал екінші бөлмеде қыз балаларды Анар молданың жұбайы Анаржан апа оқытады.

1906 жылы мектеп жаңа үлгідегі мектепке айналдырылады. Дана және ақылды кісі болған Анар молда Қарабұлақ жастарына дүниетану сабақтарынан география, тағы да басқа пәндерді үйрете бастайды. Мектеп оқушыларының саны 50-60 кісіден тұратын еді.

1910-1911 жылдары ауыл ақсақалы Саидахмад болыстың басшылығымен жаңа мектеп ғимараты бас көтерді. Ауылда алғаш рет қабырғалары әктелген, ұзақтан аппақ болып көзге көрінгені себепті мектеп «Ақтам» деп аталып кетті.

1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін мектеп бағдарламасынан діни пәндер алынып, жаңа оқу пәндері енді.

1925 жылы мектептің сабақ кестесіне орыс тілі мен әдебиеті пәні кіргізілді.

1927 жылы мектеп тамындағы топырақ және қамыс алып тасталып, мектепке қызыл шатыр қапталды.

1936 жылы мектеп жеті жылдық мектепке айналдырылып, «Сталин» деген ат берілді.

1939 жылы бірінші рет мектепте алғашқы әскери дайындық (АӘД) сабағы оқытыла бастады.

1941 жылы мектепке Абдусаттар Абдувалиев директор болып тағайындалды.

1942-1943 жылдары мектепке басшылық ету Абдукодир Солибековке жүктелді.

1947 жылы Сайрамбай Саидов, 1949 жылда Махмуд Сайтенов директор болып қызмет жасады.

1950 жылдан 1967 жылға дейін мектепте Абдураим Худайбергенов директор болды.

1962 жылы мектепке «Хамза» аты берілді.

1967 жылдан 1990 жылға дейін Нурилла Ибадуллаев.

1990 жылдан 2008 жылдың 14 қаңтар айына дейін Анвар Саидов мектепке басшылық жасады.

2008 жыл 15 қаңтардан 2010 жыл 15 қаңтарға дейін Ирисмат Исмаилов мектепті басқарды.

2010 жыл 15 қаңтардан мектепті Анвар Саидов басқаруда.

Ғасырмен құрдас мектебіміз осы ұзақ жылдар бойында көптеген жастарды білім нәрімен сусындатып, жаңа өмірге нық қадаммен аттандырды. Бұл жастарымыз тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлдеп, жасауы үшін қызмет атқаруда.